USD
USD
USD

Тақтатас мұнай қоры қашан өндіріледі?

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанда тақтатас мұнайын өндіру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.

Тақтатас мұнай қоры қашан өндіріледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен аптада болған дөңгелек үстел отырысында тақтатас мұнайын тиісті қор құрамына енгізу мәселесі қаралған еді. Әзірге мемлекеттік баланста бұл қор ескерілмей отыр. Қазіргі кезде жер қойнауы туралы заңнамада, заңға тәуелді актілерде осындай қорды есепке алудың әдістемесі қарастырылмаған. Сондықтан бұл мәселе пысықталып жатыр», - деді С. Брекешев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, аталған мәселеде Қазақстанның минералды-шикізаттық базасын арттыруға ықпал ететіндей мүмкіндіктер болса, министрлік бұл саладағы ұсыныстарды қарастыруға әзір. Осы орайда тілшілер тақтатас мұнайын өндіру қоршаған ортаны ластауға қаншалықты қауіп төндіретінін сұрады.

«Бұл өз кезегінде мұнайды өндіру технологиясына қатысты. Қазіргі кезде технологиялар дамып жатыр. Барлық экологиялық әрі техникалық талаптарды сақтаса, қоршаған ортаға кері әсер ететін жағдайлар болмайды деп ойлаймын. Алайда әр жоба бойынша жекелей пысықтау керек екені түсінікті», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық