USD
USD
USD

Таксист Италия азаматшасын әуежайдан қонақ үйге дейін 45 мыңға апарған

Алматыда таксист Италия азаматшасын әуежайдан қонақ үйге дейін 45  мыңға апарған.

Таксист Италия азаматшасын әуежайдан қонақ үйге дейін 45 мыңға апарған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Италиядан келген қонақ Алматы әуежайынан қонақ үйге дейін Т45 мың төлеген», - деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Айтуганов.
Оның айтуынша, полицияның желілік бөлімшесіне Алматы әуежайынан қала тұрғыны хабарласып, Италия азаматшасын әуежайдан қонақ үйге дейін әдейі көтерілген бағамен жеткізген белгісіз такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануларын сұраған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында көліктегі полицейлер жеке такси жүргізушісін анықтады. Ол 48 жасар Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам шетел азаматшасын әдейі жаңылыстырып, әуежайдан Бөгенбай батыр көшесіндегі қонақ үйге дейін жоғары баға айтқан. Ол келтірілген зиянды өтеді. Құқықбұзушы ҚР ҚӘқБ 449 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Айтуғанов.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу