USD
USD
USD

Такси жүргізушілері әлеуметтік тұрғыдан қорғалады

Такси қызметімен айналысатын компаниялар көлік жүргізушілері үшін әлеуметтік төлемдер жасау керек. Тамара Дүйсенованың мәлімдеуінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оларға осындай талап қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Такси жүргізушілері әлеуметтік тұрғыдан қорғалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетерлігі, қазір 150 мыңнан астам қазақстандық такси жүргізушісі болып істейді. Бұл азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандықтан, олар әлеуметтік тұрғыдан қорғалмайды. Яғни ауырып қалған жағдайда олардың жалақысы сақталмайды және де такси жүргізушілері тегін медициналық қызметтерге қол жеткізе алмай отыр. 

– Жұмыссыз қалғанда 6 айға дейін жалақысының 40 процентін ала алмайды. Компанияларды шақырып, былай дедік. Қазір әрбір таксист «Яндекске» қызмет еткені үшін 5 процент, 15 процент үстеме ақы төлеп отырмыз. Оларға талап қойдық. Әлеуметтік қамсыздандыру қорға жіберіңіздер, - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. 

Қазір оқып жатыр

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам