USD
USD
USD

Такси жүргізушісін балағаттаған еркек ұсталды

Такси жүргізушісін балағаттаған азамат анықталып, қолға түсті. 

Балағаттау
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.

"Такси жүргізушісіне қатысты балағат сөздер мен балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Оқиға Астана қаласында болған. Видеожазба әлеуметтік желідегі парақшаларда жария болды. 

Белгісіз еркек такси жүргізушісінің намысына тиетін сөздер айтып, өте дөрекі сөйлеседі. Артынша көлікті тоқтатуын бұйырып түсіп қалады. Және жай кетпей жүргізушінің USB сымын алып кеткісі келген. Айта кетерлігі көліктің артында отырған еркек те жолдасының бұл әрекетін тыюға тырыспаған.

Көлік тізгінінде болған жігіттің есімі Шыңғыс екен. Өзінің де, әкесінің де есту қабілеті бұзылған. Әкесі күндіз такси болып еңбек етсе, түнгі кезек Шыңғыста. Себебі екеуіне ортақ бір көлік.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы