USD
USD
USD

Тайсонның жағдайы қалай?

Аты аңызға айналған америкалық бокс ардагерлері Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс 28 қарашада рингке шығып, Карсон қаласында (Калифорния) кездесу өткізеді.

Тайсонның жағдайы қалай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Калифорнияның Атлетикалық комиссиясы боксшылар көп ақша жинауы үшін бұрын-соңды болмаған қадамдарға барды: ардагерлерге шлемсіз жұдырықтасуға, тіпті жеңімпазды анықтауға рұқсат берді, арнайы титул да тігілді.

«Осыны және өлшемдердегі артықшылықты ескере отырып, кіші Джонс үлкен проблемаларға тап болуы мүмкін. Тайсонның өзі де оңтайлы (жасына қарай) форма жинаған сияқты, ол мұны жаңа жарқын видеосы арқылы көрсетеді», – деп жазды Vesti.kz сайтында.

Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы жекпе-жек төрешілердің қатысуымен толыққанды сегіз раундтық форматта өтеді. Карсондағы (Калифорния, АҚШ) эпидемиологиялық жағдайға байланысты көрермендерді аренаға кіргізу мәселесі қаралады. Америкада жекпе-жек ақылы хабар тарату жүйесі арқылы (PPV) көрсетіледі. 

54 жастағы Тайсон соңғы рет 2005 жылы рингке шыққан. Ол карьерасында 58 жекпе-жек өткізіп, оның 50-ін жеңіспен, 44-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ, ол алты рет жеңіліс тауып, екі жекпе-жек сәтсіз деп танылған. 

2,5 жыл ғана рингке шықпаған 51 жастағы Джонстың активінде 66 жеңіс бар, оның 47-сі нокаутпен аяқталған және тоғыз рет жеңілген.

Қазір оқып жатыр

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы