USD
USD
USD

Таиландтағы турнир: Қазақстанның он боксшысы финалда бақ сынайды

Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде қазақстандық он боксшы финалға жолдама алды.

Бокс
Фото: ҰОК

АЛМАТЫ, NEGE. Ерлер құрамасынан екі спортшы — Төрехан Сабырхан (70 келі) мен Диас Молжігітов (80 келі) — алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады.

Әйелдер арасында бес боксшы финалға өтті: Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары).

Финалдық жекпе-жектер 1 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама атынан турнирге барлығы он боксшы қатысуда.

Сондай-ақ жартылай финал сатысында төрт спортшы қола жүлдеге ие болды. Олар:

  • Дулат Бекбауов (65 келі),

  • Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі),

  • Бекзат Таңатар (85 келі),

  • Данияр Рахымбердиев (90 келі).

Thailand Open — Азияның үздік былғары қолғап шеберлері жиналатын дәстүрлі халықаралық жарыс. Биылғы турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Таиланд және басқа елдердің былғары қолғап шеберлері бар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер