USD
USD
USD

Таиландта үйлерді топан су басты

Таиландта «Синлаку» дауылы ойран салып, бір жарым мыңға жуық үйді су басты. Табиғат апатынан 20-ға жуық провинцияның тұрғындары зардап шеккен. Чиангмай қаласында жолдарды су шайып, көпір бұзылды.

Таиландта үйлерді топан су басты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал Пхукет аралында тұрғындардың жағажайға баруына, ал кемелердің теңізге шығуына тыйым салынды. Паттайя қаласы маңында мыңдаған мидия жағаға шығып қалған. Жұрт оны жапатармағай жинап жатыр. Мамандар болса судың әлі де көтерілу қаупі барын айтады. Естеріңізге салайық, бұған дейін «Синлаку» тропикалық дауылы Қытай мен Вьетнамда ойран салған еді.

Лэй провинциясының тұрғыны Ратртия Панич: "Су деңгейі қасқағым сәтте көтеріліп кетті. Сондықтан заттарымызды үйден алып шығуға үлгермедік. Қазір үйдің ішін тазалап жатырмыз" деді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға