USD
USD
USD

Таиландта шетелдік демалушылар үшін ереже жеңілдейді

Таиланд 1 шілдеден бастап саяхашыларды «Тай Пасс» онлайн платформасында тіркеуге тұруға міндеттейтін талаптан босатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таиландта шетелдік демалушылар үшін ереже жеңілдейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жүйеге сәйкес сырттан келгендер коронавирусты емдеуге кететін шығындарды жабатын медициналық сақтандыру полисін сатып алу керек-тін. Оның құны 10 мың доллар болатын. Енді шетелдік демалушылар вакциналау сертификатын не антигенге жасалған экспресс-тесттің нәтижесін көрсетсе жеткілікті.

Айта кеткен жөн, Таиланд саяхатшылар арасында ең танымал бағыттардың бірі саналады. Елдің жалпы ішкі өнімдегі бұл сектордың үлесі 12 процент шамасында. 2019 жылы мұнда 40 миллион демалушы келген екен. Алайда кейінгі кезде жергілікті компаниялар «Тай Пасс» жүйесі салдарынан туризмнің қайта жандануы баяу жүріп жатқанын айтып жиі шағымданатын болды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес