USD
USD
USD

Таиландта 18 жастағы отандасымыз көз жұмды

Т

Таиландта 18 жастағы отандасымыз көз жұмды
Фото: NEGE.kz

аиландта 18 жастағы қазақстандық қаза болды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі өкілдері растады, - деп хабарлады Tengrinews.kz. 

Алматы, NEGE. Phuket News мәліметінше, қазақстандық 1 қыркүйекте Най Янг жағажайының маңында жоғалып кеткен. Пхукет туристік полициясы бұл ресейлік турист болуы мүмкін екенін хабарлады. Сол күні ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылған іздеу-құтқару операциясы басталды.

3 қыркүйекте таңертең Най Янг жағажайынан 18 жастағы қазақстандық өлі табылды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйекте консулға Пхукет жағалауында жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат келіп түскен.

"Таиландтық құтқарушылар екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке жетті", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты