USD
USD
USD

Таиландта яхта жарылысынан зардап шеккен қазақстандықтар оқиғаның мән-жайын айтып берді

Тайландтың Пхукет аралында өртенген яхтада болған Қазақстан азаматы Думан Байкен оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Яхта
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. «Дәл қазір жағдайымыз жақсы. Өрт болған кезде мен яхтада болдым, ал жұбайым (Бақытгүл Байкен) суда жүзіп жүрді. Жалпы, яхтада техникалық ақау бар екенін алдын ала сездік. Себебі жолға шыққан кезде, 10 минуттан кейін бензин исі сезіліп, яхтаның бір қозғалтқышы істен шықты. Екінші қозғалтқышымен әрең дегенде жақында тұрған аралға жеттік… Экипаж мүшелері қайықты жөндеуге кірісті. Ал жолаушылардың кейбірі жағалауда болса, кейбірі суда болды. Сол кезде мен де яхтаның жанында суда жүзіп жүрген едім. 20 минуттан киімімді ауыстыру үшін яхтаға көтеріліп келе жатқанда жарылыс болды», – деді Д.Байкен Таиландтағы демалыс үйінен онлайн режимде Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында.

Яхта
Фото: видео-скрин

Оның айтуынша, өрт кезінде ол суға секіріп, әйелімен бірге жағалауға шыққан. Жарылыс салдарынан қолы күйіп қалған. Жарты сағаттан кейін туристерді құтқарушылар алып кеткен. Яхтада шамамен 37 адам боса, оның төртеуі – Қазақстан азаматы.

«Бұл жерде полиция мен аурухана қызметкерлері жақсы қабылдап, күтім жасады, алғашқы көмегін ұсынды. Ал волонтерлер бізге тез арада киім жеткізіп, тамақтандырды. Яхтада Қазақстаннан 4 адам болдық, екеуі Алматыдан. Алматылық жігіттің аяғын күйік шалды, ал қыздың шашы күйіп қалды. Ертең госпитальге тағы барамыз. Осы елдегі Консул бізбен байланысқа шықты, қазір біз орналасқан қонақ үйге келеді», – деді Думан Байкен.

Оның сөзіне қарағанда, яхтадағы заттары мен құжаттары өртеніп кеткен. Консулдық құжаттарды даярлауға көмектеседі.

«Біз осында 30 наурызда келдік. Демалысымыз 7 сәуірге дейін жоспарланған», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

Айбек Дәдебай

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

жолдағы жылдамдық

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

ЖЭО