USD
USD
USD

Таиландта Қазақстанның сегіз азаматы мінген катер суға батып кетті

11 қаңтар күні Пхукетте туристер мінген катер апатқа ұшырады. Катерде Қазақстанның сегіз азаматы болған.

Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Астана, NEGE. БАҚ мәліметінше, Korawich Marine 888 Андаман теңізінде балық аулайтын кемемен соқтығысқан. Катерде барлығы 55 адам болған. 

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі апатқа ұшыраған катердегі сегіз қазақстандықтың үшеуі ауруханаға түскенін хабарлады.

«Қайықта Қазақстанның 8 азаматы болған. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның 3 азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауында, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда, шығынды сақтандыру компаниясы өтеп жатыр», – деп хабарлады СІМ өкілі.

Ведомство мәліметінше, консул азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, қажетті қолдау көрсетіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер