Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді

Қазақстандық ерлі-зайыпты Пхукетке демалуға барған кезде 28 аптасында туылған нәресте 11 мамырда Алматыға жеткізілді.

Таиланндта туылған
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/emergency_care_kz

Астана, NEGE. Нәресте 24 наурызда шала туғандықтан, сол елдегі ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде жатты. Таиланд дәрігерлері нәрестені өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, инфекция мен пневмонияға күдік барын айтып, ем жүргізген. Анасы күн сайын емге 700 мың теңге төлеуге мәжбүр екенін айтып, желіде көмек сұраған еді.

Жаңа туған баланың жағдайы ауыр болып, тұрақты түрде оттегі қолдауын қажет еткендіктен, қазақстандық дәрігерлер оны елге арнайы тасымалдау кювезінде жеткізу туралы шешім қабылдаған.

Нәрестені елге жеткізуге Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация мобильді бригадасы көмектесті. Бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды.

Дәрігерлердің айтуынша, Алматы қаласына жеткізілгеннен кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылған.

 

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық