USD
USD
USD

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиландтың қауіпсіздік қызметкерлері әуежайда жүкті тексеру кезінде күдік туғызған немесе ұшуға қауіп төндіретін заттарды анықтаған жағдайда, шабаданды иесіне ескертпей аша алады. Мұндай өзгеріс елде биылғы 16 қазаннан бастап күшіне енеді.

Таиланд
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Таиландтың Азаматтық авиация басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, тексеру қажеттігі туындаған жағдайда жүк арнайы белгіленген орында ашылады. Тексеру процесі бейнежазбаға түсіріліп, жазбалар сақталады. Сондай-ақ жолаушыға оның шабаданы ашылып, тексерілгені хабарланады.

Тексеруді жеңілдету үшін жолаушыларға TSA сияқты халықаралық талаптарға сәйкес келетін құлыптарды пайдалану кеңес етіледі. Бұған қоса, жолаушыларға сапар алдында тыйым салынған және тасымалдауға шектеу қойылған заттардың бар-жоғын тексеру ұсынылады. Сонымен қатар басқарма өкілдері құнды заттарды, сынғыш бұйымдарды, маңызды құжаттарды және жеке заттарды тіркелетін жолжүкке салмауға кеңес береді.

Халықаралық бағытта ауысатын немесе сапарын әрі қарай жалғастыратын жолаушылар транзиттік және соңғы әуежайлардағы багаж бен қауіпсіздік талаптарын да тексеруі керек. 

Авиация басқармасы мұндай рәсімдер Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея және АҚШ сияқты көптеген елде, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Еуропаның кейбір елдерінде қолданылатынын атап өтті. 

Тексеру салдарынан қиындыққа тап болған немесе жүгі бүлінген жолаушылар өз әуе компаниясына немесе Таиландтың Азаматтық авиация басқармасына шағым түсіре алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер