USD
USD
USD

Тайфуннан қаза тапқандар саны артты

Тынық мұхитындағы «Раи» тайфунынан мерт болғандар саны 389 адамға жетті.

Тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы дүйсенбі күні Philippine News Agency мәлім етті.

Оның дерегінше, 1146 адам зардап шегіп, 64-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Мұның үстіне 4,2 млн тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Филиппин билігі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін 1,1 мыңнан астам эвакуациялық орталық ұйымдастырды. Тайфун республиканың инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығына сәйкесінше 16,7 млрд песо ($332,8 млн) және 5,3 млрд песо ($105,6 млн) залал келтірген. Бұдан бөлек, тайфун 167 мың тұрғын үйді толықтай қиратқан.

Гонконгтың метеорологиялық обсерваториясы 16 желтоқсанда биылғы маусымдағы «Раи» деп аталатын 22-ші тайфун Тынық мұхитының батыс бөлігінде қалыптасқанын хабарлаған болатын. 22 желтоқсанда Филиппин президенті Родриго Дутерте бірнеше өңір аумағында бір жылға төтенше жағдай режимін енгізгенін жариялады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі