Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тағы қай өңірге блокпост қойылады?

Елімізде эпидемиологиялық ахуал ушығып кеткен жағдайда өңірлерде блокпостар қойылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

Тағы қай өңірге блокпост қойылады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні өзге өңірлерге блокпост қоюдың қажеттілігі байқалып отырған жоқ. Тек Қарағанды облысында блокпост орнату жоспарланып отыр. Алайда, оның өзі блокпост емес, санитарлық бекет болуы мүмін. Бұл алдын алу шараларын арттыру аясындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы болатын», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, аталған өңірге қарасты Ақтоғай ауданында «Алтын алмаз» кәсіпорны қызметкері арасында коронавирустың өршу ошағы тіркелген. «Толықтай алғанда ел бойынша қазіргі жағдайға байланысты блокпосттар қою таяу уақыттың ішіне жоспарланып отырған жоқ. Тек эпидемиологиялық жағдай ушығып кетсе ғана қолға алынуы мүмкін», – деді Ерлан Қиясов.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп