USD
USD
USD

Тағы екі теннисші Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстаннан тағы екі теннисші Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин Токио Олимпиадасына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Тағы екі теннисші Олимпиадаға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық теннис федерациясы осы қос теннисшінің Олимпиадаға қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталғанын жазған болатынбыз.

Бұл Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева үшін алғашқы Олимпиада болса, Ярослава Шведова үшінші рет бармақшы.

Осылайша Токиоға алты бірдей теннисшіміз аттанғалы отыр. Бұдан бұрынғы Олимпиадаларда қазақстандық теннисшілер төрт жолдамадан артық иеленіп көрген жоқ еді.

Теннисшілердің жекелей не жұптық сында өнер көрсететіні дүбірлі дода жақындағанда шешіледі.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors