USD
USD
USD

Тағы екі өңір карантинге жабылады

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы 9 қарашадан бастап карантинге жабылады. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында бұл елді мекендерге кіріп-шығуға тыйым салынады.

Тағы екі өңір карантинге жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова брифинг барысында бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысымен таныстырды. 9 қараша сағат 00.00-ден бастап Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы карантинге жабылып, периметр бойынша блокпостар қойылады. Елді мекендерге кіріп-шығуға тыйым салынады. Алайда, арнайы қызметтерге, медициналық тексерілуге келгендерге, жұмыс орны берген анықтамасы бар келіп-кетіп істейтін жұмысшыларға кіріп-шығуға рұқсат беріледі.

«Қалғандары карантиндік шектеу күшейтілген аймақтан шығу не керісінше кіру қажет болған жағдайда ПТР-тест жасатулары қажет. Оның нәтижесі тек 3 күнге ғана жарамды. Бұл анықтама 5 жасқа дейінгі балаларға қажет емес», - дейді Татьяна Горлова.

Маманнның айтуынша, карантиндік шектеу шаралары күшейтілген аумақта адам көп жиналатын түрлі спорттық, мәдени іс-шараларды, той-томалақтарды өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ отбасылық және басқа да түрлі іс-шараларды өткізуге жекеменшік үйлерді жалға беруге тыйым бар.

«Кинотеатрлар, түнгі клубтар, балалардың ойын алаңдары, фуд-корттар, ойын-сауық мекемелері, аквапарктер және діне мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Медициналық орталықтар алдын ала жазылу бойынша қабылдай алады. Сауда үйлері мен дүкендердің жұмыс уақыты да шектеледі. «Облыста КВИ жұқтырғандардың 56% Петропавлға тиесілі. Ал Қызылжар ауданында 8% артқан. Бұл - өте үлкен көрсеткіш. Облыста ауырып жатқан науқастардың 46% - 50 жастан асқандар. Сол себепті барлық облыс тұрғындарын сақтық шараларын ұстануға шақырамын. Қолға алынған іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңыз керек», - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль

Астанада тәркіленген зәулім коттедж бос тұр: оны кімге береді?

sauda.e-qazyna.kz

Шетелдік әйел Қонаевта өзіне топтық зорлық жасалғанын мәлімдеді: күдіктілер ұсталды

әйел