USD
USD
USD

Тағы да ұшақ апаты

Ауғанстанда елдің шығысындағы Газни провинциясында жолаушы ұшағы апатқа ұшырады.

Тағы да ұшақ апаты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Алдын-ала мәлімет бойныша, ұшақ ішінде 83 адам болған. Олардың өлі-тірісі туралы нақты ақпар жоқ. Газни провинциясының губернаторы Ариф Нури апаттың Дех Як дейтін аудан тұсында болғанын хабарлаған. Кей дерек бойынша, бұл мекен «Талибан» қозғалысының бақылауында көрінеді.

Апатқа ұшыраған ұшақ Ariana Afghan Airline әуе компаниясына тиесілі деген ақпаратты компания башылығы жоққа шығарған. Ariana Afghan Airlines Ауғанстан үкіметіне бағынышты ұлттық әуе компаниясы болып табылады. Ішкі және халықаралық әуе қатынастарына қызмет көрсетеді. Бұл әуе компаниясына Еуропада ұшуға тыйым салынған.

 

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель