USD
USD
USD

Тағы да ескерту

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бәрқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Тағы да ескерту
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 тамызда Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Күндіз бұршақ жауады.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді. Өскемен мен Семейде күн күркірейді . Жел қарқыны - 15-20 м/с.

25 тамыз түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Түнде және таңертең жел жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

25 тамызда Қарағанды облысының шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соққан желдің күші - 15-20 м/с. Аймақтың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Қарағанды және Жезқазған қалаларында күн күркірейді.

25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

25 тамызда Алматы облысында және облыс оратылығы – Талдықорған қаласында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

25 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай