USD
USD
USD

Тағы да Дүниежүзілік карантин болуы мүмкін

 ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейсус алда тағы да дүниежүзілік карантин қайталануы мүмкін екенін қаперге салды.

Тағы да Дүниежүзілік карантин болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус пандемиясына байланысты карантин талабы қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты.

«Біз адамдардан айырылдық, экономика тығырыққа тірелді. Әлемдік экономика рецессия жағдайында. Еуропа аумағы да осындай жағдайда. Көптеген мемлекет пандемиядан қатты зардап шегіп жатыр.

Күнделікті ауру жұқтырғандар санының көрсеткіші наурыздағы кезеңмен салыстырғанда жоғары болып тұр. Өлім-жітім көрсеткіші төмен деңгейде. Алайда әр адамның өмірі – трагедия. Егер біз аурудың одан әрі таралмауына шектеу қоймасақ, өлім дерегі тіркеле береді. Карантинді қайта енгізудің қаупі сақталып отыр. Ол әлемдік экономика үшін өте ауыр болды», – деді Тедрос Аданом Гебреисус ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросында өткен жиында.

Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандан саны 29 милионға жетті. 19,6 миллион науқас дертінен айықты, 924 мың адам қайтыс болды. Қазақстанда 106 855 адам COVID-19 жұқтырды. 100 627 науқас жазылды, 1 671 адам аурудан көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы