USD
USD
USD

Тағы бір зорлықшы қолға түсті

«Қарағанды қаласында  шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан зорлықшы адам жеті жасар қыз балаға тиіскен деген күдікке ілінуде», деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы бір зорлықшы қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «7 желтоқсан күні сағат 10:30 шамасында «102» телефонына Қарағанды қаласының тұрғынынан белгісіз ер адамның үйдің бірінің кіреберісінде 7 жасар қызын зорламақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді, олар күдіктіні табу үшін жақын аудандарды тінтуге алып, жедел-іздестіру шарасы барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 43 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті бұған дейін 2006 жылы осыған ұқсас қылмыстың 12 дерегі (зорлау, тиісу) бойынша 15 жылға сотталған екен. 2019 жылдың наурызында оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатқан», - делінген хабарламада.

Полицияда атап өткендей, аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 24-120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктіге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпас шарасы қолданылған.

 

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы