USD
USD
USD

Тағы бір вице-министр қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Данияр Нұрашұлы Есин берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Тағы бір вице-министр қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған.

Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды.

2016-2018 жылдары — Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы.

2018 жылғы наурыз айынан 2019 жылғы маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарды.

2019 жылғы маусымда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер