USD
USD
USD

Тағы бір ПТР зертхана ашылды

Елордада «UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығында коронавирус инфекциясын анықтайтын жаңа ПТР зертхана ашылды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Тағы бір ПТР зертхана ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Мұндай зертхананың ашылуы COVID 19 індетімен күресте маңызды қадам саналады. Өйткені, ПТР-тестілеу арқылы адам ағзасында вирустың бар-жоғы анықталады. Және ол диагнозды зертханалық растау үшін қажет. Биоматериал ретінде жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерінен алынатын жұғынды пайдаланылады. Сараптама құны 14 мың теңге, материалды алу 1 мың теңге», делінген хабарламада.

ПТР тестілеу үшін «UMC» корпоративтік қорының umc.org.kz сайтында сауалнама толтыру керек. Сосын Байланыс орталығының мамандары хабарласып, пациентті зерттеуге жазады. Республикалық диагностикалық орталығы ғимаратында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған. Өзге науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зертханаға бөлек есіктен кіреді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері үшін барлық тиісті қорғаныс шаралары қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай