Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды

Қарағандыда 280 адам қаржы пирамидасына алданған.

Тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Лидер Капитал 168» атты ұйым  «өсіммен қайтарамыз» деп жұрттан қомақты қаржы жинап алған. 

Тілшінің айтуынша, шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Алаяқ фирманының әрекетін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті әшкереледі. Ұйымдастырушы әйел қаржылық ұйымды былтыр ашып, бизнесін жеке пәтерде жүргізген. Айғақ заттар дәл осы үйден тәркіленді. 

Ол тұрғындарды ақшасын жоғарғы пайызбен еселеуге үгіттеген. Салым сомасын теңгемен 18 пайыз, ал доллармен 6 пайыз мөлшерінде жыл сайын көбейту шартымен 80 миллион теңгеден астам ақша жинап үлгерген.  

«Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  "Лидер Капитал 168" атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Ұйымнан зардап шеккен азаматтардан тез арада хабарласуын сұраймыз. Аталған дерек бойынша ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі, яғни қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Қарағанды облысы бойынша ЭТД 2-тергеу басқармасының аға тергеушісі Дана Байдүйсенова.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА