USD
USD
USD

Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Ақмола облысында 450 миллион теңгеден аса шығын келтерген қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.

Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатқан.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына екі мыңнан аса адам тартылған. Шығын 450 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Агенттік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабында және ҚР ҚК-ның 217-бабында қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші