USD
USD
USD

Тағы бір депутаттың өкілеттігі тоқтатылды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Тағы бір депутаттың өкілеттігі тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында тиісті қаулыға дауыс берді.

«Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш білдірді. Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыныс енгізді», – деді Палата спикері Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы оның сенатор ретіндегі еңбегі туралы қысқаша мәлімет берді.

«Нұрлан Наурызұлы Алматы облысынан бес жылдан астам депутат болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол Сенаттың заң шығару жұмысына, өңірлердің мәселелерін шешуге белсене қатысып, палата қызметіне өз үлесін қосты. Комитет жұмысын тиімді ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді. Сондықтан Нұрлан Наурызұлының депутаттық қызметі үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп