USD
USD
USD

Тағы бір актриса тұрмысқа шықпақ

2019 жылы өнер иелері мемлекеттік марапатқа ие болды. Шаңырақ көтеріп, сәбилі болғандар да баршылық.  Ал, кино әлемінде жұлдызы жанып, тасы өрге домалаған Мадина Оспан бойдақтардың тізімін азайтпақ

Тағы бір актриса тұрмысқа шықпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мадина Оспан ақ келін атанбақ. Осыдан бір жыл бұрын «Ұлы дала комедиясы» фильмінде басты рөлді сомдаған арудың басы дауға қалған болатын. Көпшілік актрисаны Төреғали Төреәлімен жұптастырып, «екінші тоқалы» деп шулады. Бірақ, Мадина қаңқу сөздерге нүкте қойды.

Осы жылы жас актрисаға сүйіктісі ұсыныс жасады. Күйеужігіт өнер әлемінен емес. Енді, Мадина келін атануға дайындалып жүр. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып өзі бөлісті. Әлеуметтік желідегі парақшасында қызойнақ кезінде түскен суретін жариялап, көп ұзамай некелесетінін жазды. Бұл хабарды естіген әлеуметтік желі оқырмандары екі жасқа ақ тілегін жаудырып, махаббатырының баянды болуын тіледі.

 

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.