USD
USD
USD

Тағы да Нығматулиндер. 14,7 млн доллар қайда?

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИННІҢ әулетіне қатысты тағы бір дерек белгілі болды. «Қазақстанның даму банкі» өткен жылы Нығматулиндерге қатысы бар «Жаңа Жамбыл фосфор зауытына» 14,7 млн доллар несие берген.

Нығматулин
Фото: Фото: Nege.Aqsha

Nege.Aqsha телеграм-каналының жазуынша, «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының» түпкілікті бенефициары ретінде «Ескі Қазақстанның» олигархтары Владимир КИМ мен Эдуард ОГАЙДЫҢ «Kazakhmys Resources B.V.» компаниясы және Нұрхан мен Нұржан НҰРЛАНОВТАР көрсетілген. Нұрхан мен Нұржан – Нұрлан Нығматулиннің ұлдары. Әкесінің атын тегі етіп жаздырғанында да бір сыр бар сияқты.

«Қазақстанның даму банкі» 2023 жылы «Жаңа Жамбыл фосфор зауытына» 14,7 млн долларды жылдық 6,5 пайызбен несиені «шикізат сатып алуға және экспорт алдындағы операциялар үшін» деп берген. Несие биылғы жылдың қыркүйегінде дейін қайтарылуы керек.

Мемлекеттік банк оп-оңай бере салған миллиондаған доллардың бюджетке толық кері қайтатынына күмән көп. Өйткені ағайынды Нығматулиндердің қайда жүргені белгісіз. Ағайындылардың үлкені – 35 жастағы Нұржан Нұрланов бұған дейін «ҚазТрансГаз» АҚ-да «Бәйтерек» холдингінде, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-да басшылық қызмет атқарған.

Ал өткен жылы бауыры Нұрхан Нұрланов екеуі «Қазфосфат» зауытындағы адам өліміне қатысты дауға шатылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі