USD
USD
USD

Тағы бір түлек ҰБТ-дан жоғары балл жинады

Ақмола облысы Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары  балл жинады. 

Қосшы қаласы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Талапкер дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерінен тест тапсырған. Енді ол оқуын Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде екі шет тілі мамандығы бойынша жалғастырмақ.

Айым Ержанова «Ағылшын тілі» екінші бейіндік пәнін есептемегенде 4 пән бойынша ҰБТ тапсырды, себебі ҰБТ-ға берген өтінішінде IELTS сертификатының бар екендігін көрсетті. ҰБТ нәтижелері бойынша 4 пән бойынша 90 балл жинады.

Ұсынылған сертификаттарды конвертациялау рәсімін ЖОО-ның қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын беру (13-20 шілде аралығында) немесе ақылы негізде қабылдау жөніндегі конкурсқа өтініш берген кезде жүзеге асырады. Демек, «Ағылшын тілі» пәні бойынша балл жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары сертификаттың түпнұсқалығын тексергеннен кейін ғана есепке алынады.

Бұған дейін ҰБТ сұрақтарынан тағы бір түлек сүрінбей өткен еді. Ұлттық бірыңғай тестілеуде мүдірмеген талапкердің аты-жөні – Еңсебек Жаннұр. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылына қарасты №22 жалпы білім беретін орта мектептің түлегі.

Екі талапкерге қаржылай және басқа да сыйлық түрлері жасалды.

Ереже бұзған 400-дей түлектің ҰБТ нәтижеcі жойылды. «Талапкерлер бір сағат ұйықтады»: Қызылордада ҰБТ кезінде жарық сөніп қалды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов