USD
USD
USD

Тағы бір шенеуніктің әйелі 11 жыл бойы күйеуінен зәбір көргенін айтты (видео)

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі, Олимпиада ойындарының қатысушысы Ринат Ибрагимов әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды. 

Ақмарал Үмбетқалиева
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. Шенеуніктің бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиева күйеуін зорлық-зомбылық жасады деп айыптап, бейнежазба жариялады. 

Ақмарал Үмбетқалиеваның бұрынғы күйеуі оны жүйелі түрде ұрып-соғып, мүгедек қыламын деп қорқытқан. Ол бұған дейін де полицияға шағымданған, алайда бір рет арызын қайтарып алғанын айтады. 2023 жылы әкімге қатысты «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, шара қолданылмаған. 

Полицияға арызданған кейін күйеуі балаларды алып кеткен.

Аталмыш жағдайдан кейін Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты қызметтік тексеріс тағайындалғаны хабарланды.

Ринат Ибрагимов – дзюдодан әлем чемпионы, 2008 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Бейжің және Лондон олимпиадаларының қатысушысы.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова