USD
USD
USD

Тағы бір құнды актив мемлекетке қайтарылды. Бұған Мұхамедиұлының қандай қатысы бар?

Алматы прокуратурасы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 пайыз үлесін мемлекетке қайтарды. Прокуратура мәліметінше, серіктестік бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінде болған.

.
Фото: NEGE/ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. 2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 пайыз үлесі жеке заңды тұлғаның меншігіне заңсыз өткен. Сонымен бірге серіктестікке тиесілі жылжымайтын мүлік те заңсыз иеліктен шығарылған. Әңгіме Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан, жалпы ауданы 2 108,3 шаршы метр ғимарат пен оған тиесілі жер учаскесі туралы болып отыр.

Мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау үшін Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы сотқа жүгінді. Прокуратура жекешелендіру шартын және одан кейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануды сұраған.

Кассациялық сот прокуратураның талап-арызын толық қанағаттандырды. Енді құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға тиіс.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылғы маусымда 8 жылға сотталған. Ол Ұлттық музейді басқарған кезеңде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылған. Кейін, 2024 жылғы 13 ақпанда сот оны аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танып, түпкілікті жазасын 11 жылға дейін ұзартты. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте 80 адамды сарышаян шағып алған

Сарышаян

Тоқаев президент, Құрылтай, Халық кеңесі туралы конституциялық заңдарға қол қойды

Жарлық

Ақобалықтардың көптен күткен қуанышы: AMANAT қолдауымен білім ордасына жаңа ғимарат салынды

Мектеп

Алматы мен Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

.