#kcell

19.07.23 Тариф өссе, басқарманың көркі. Kcell басшысының айлығын НЕГЕ халық төлейді?

Kcell акционерлік қоғамы 2022 жылы өз басқарма мүшелеріне салыққа дейін 819 миллион теңге төлеген. Салық алынғаннан кейін бұл сома 668 миллион теңге болды. Басқарма құрамына жеті басшы кіретінін ескерсек, әрқайсысы орта есеппен айына қолына таза 7,9 миллион теңге алып отырған.

03.04.23 Тарифі қымбат, байланысы нашар. Kcell НЕГЕ «Жаңа Қазақстан» мен НАЗАРБАЕВ арасындағы «шыбынға» айналды?

«Kcell» акционерлік қоғамы 2022 жылдың қорытындысын шығарды. Ұялы байланыс операторы 40 миллиард теңге таза табыс алған. Компания 2021 жылдан бері дивиденд төлемегендіктен, қордаланып қалған кіріс 60 миллиард теңгеден асып кетті. Оның тең жартысы мемлекетке тиесілі.

12.09.22 «Ксell»-ді қайтар. Мемлекет НЕГЕ «Jusan bank»-пен басқаша сөйлесе бастады?

Бұған дейін Bloomberg мемлекеттің «Jusan bank» басшылығына «Kcell» акцияларының 10 пайызын алған бағасымен қайтару бойынша ультиматум қойғанын жазған болатын. Бүгін «Jusan bank» топ-менеджменті «мемлекеттің айтқанын орындаймыз» деген сыңайдағы сигнал берді. Оларда басқа амал жоқ еді

30.12.21 Қазақстан қор биржасындағы қызықтар. «Kcell» акцияларына қатысты манипуляциялар НЕГЕ инвесторларды шошытып отыр?

Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы (QAMS) ҚНРДА-дан Қазақстан қор биржасында (KASE) биылғы 28-30 қыркүйек аралығында орын алған «Kcell» акцияларының саудасына қатысты тексеру жүргізуді сұрап отыр

24.05.21 Аламын, алмаймын. Kcell тағдыры НЕГЕ шешілмей отыр?

«Jusan bankтің» финтех алпауытқа айналуы кейінге қалдырылды. Банкке иелік ететін «First Heartland» конгламератының «Kcell» ұялы операторын сатып алуы біржақты шешілген жоқ.

15.03.21 Jysan иісі. «Jysan bank» НЕГЕ Kcell-ге ауыз салды?

АТФБанкті жұтып қойған «Jysan bank» енді Ксellге құда түседі деп жазады, Bloomberg. Бірақ банк та, ұялы байланыс операторы да ол ақпаратты әзірге ресми растамады. Әңгіме Ксell-дің «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына тиесілі 75 пайыз акцияларында болып отыр.