#jusan
10 тамыз күні өткен Jusan bank директорлар кеңесінің жиналысында Ғалымжан Есенов банкті толық өз қолына алды. Енді ол – директорлар кеңесінің төрағасы. Кеңеске Жарқынбек Әзбеков пен Санжар Жамалов кірді. Банктің басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов кеңестен де, басқармалықтан да шығарылып, Jusan-нан мүлде аластатылды.
KNG Finance басшысы әрі Ахметжан Смағұловтың экс-күйеу баласы Ғалымжан Есенов Назарбаевтың банктік активтерін мемлекетке қайтару операциясында шешулі рөл ойнай бастады.
Кейбір инсайдтарға сенсек, «Jusan bank» басқарма құрамы бүгін ауысуы тиіс. Бірақ, банк акционерлерінің бірі Ғалымжан Есеновтің акционерлердің ортақ жиылысын 10 тамызға қойғанына қарағанда, негізгі шешімдер сол күні қабылданады.
Әділет министрлігі Jusan bank-тің Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғанын хабарлады. 2021 жылдан бері банк шетелден басқарылып келген еді. Бұл жаңалықты сарапшылар әртүрлі қабылдап отыр.
Jusan bank 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебін жариялады. 2021 жылға қарағанда, банк табысы кәдімгідей өскен. Оның алдында банк мемлекеттен қаржылық қолдау алғандықтан, акционерлерге заң бойынша дивиденд төленбеді. Тек директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу қомақты сыйақы алған.
Jusan тобына қарасты «First Heartland Jusan Invest» акционерлік қоғамы 2022 жылды 2,2 миллиард теңге шығынмен аяқтады. Олардың 2021 жылы 749 миллион теңге таза пайда көргенін ескерсек, бір жылда не өзгерді деген сұрақ туындайды.
Қазақстан өз банктерінің қаржылық тұрақтылығын қатты қадағалап отырады. ҚНРДА жылда AQR стресс-тестін өткізіп, әр банктің қаржылық жағдайын біліп отырады. Nege.kz 2022 жылдың AQR қортындысы мен биылғы жылды банктерді қалай бастағанына үңіліп көрді
АҚШ-тың Невада штатында тіркелген «Jysan Holding» Қазақстан Үкіметін сотқа берді. Себебі, Қазақстанның Бас прокуратурасы «Jusan bank» және басқа да құнды активтерге иелік ететін «Pioneеr Capital Invest» фирмасының осы активтердің барлығын британдық «Jusan Technologies Ltd» компаниясына тегін береуін заңсыз деп тауып, қазақстандық сотқа тиісті арыз түсірген.