#қар

30.10.23 «Неткен қамсыздық!» – Әртістер Жалпыұлттық аза тұту күні қайда болды?

Кеншілердің қазасына байланысты кеше Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Әлбетте, бұл күні ту төменге түсіріліп, ойын-сауық тоқтатылды. Дегенмен, желіде әртістердің кейбірі келін түсіріп, бірі сырға салып, енді біреулері той-томалақта ән шырқап жүргені белгілі болды.

30.09.23 Ерлан ҚАРИН: Біздің алдымызда ЖАСАМПАЗДЫҚҚА негізделген мақсат-міндеттер тұр

Жақында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан ҚАРИН елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар жайында сұхбат беріп, өз ойын ортаға салды.  

27.07.23 Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тобында бақылаушы мәртебесіне ие болды

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.

30.06.23 Ақшасыз күндерде жүздескенше! «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қаржысы НЕГЕ азайып барады?

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылдың аудиттелген қорытындысын шығарды. РТРК выручкасын 1 миллиард теңгеге арттырған. Бірақ классификацияланбаған (прочие) шығындары 7 есеге көбейіп кетті.

25.06.23 Еуропаны тамсандырған Қарақат БАШАНОВА қайда жүр?

«Junior Eurovision-2020» халықаралық байқауының күміс жүлдесін қаршадай Қарақат Башанова иеленгенде, бөркімізді аспанға атып қуандық. Бірақ қазір тыңдарман арасынан «Қарақат қайда жүр?» деген сұрауды жиі естиміз. Тілшіміз жас таланттың өзімен тілдесті.

22.06.23 Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ: «НУРИКАМАЛДЫ» ғана емес, «АЛТЫНАЙДЫ» да иемденіп кеткісі келгендер болған

Әлеуметтік желіде біраз әннің авторы Арман Қайназаровтың көшеде түнеп жүргені туралы бейнежазба тараған. Онда ол кезінде Ұлықпан Жолдас, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әншілерге ән шығарып бергенін айтады. Тіпті, кейбіреулер «композитор жігіт «Нурикамал» әнінің де авторы екен» десті.

18.06.23 «Бір күнде 28 баланың тұсауын кескен» – Қарақат Әбілдина тұсаукесерге қанша ақша алады?

Қарақат Әбілдинадай әнші болсын деген ниетпен талай отбасы қыздарына Қарақат деп ат қойды. Қарақаттың мектебіне баласын бергісі келетіндер де аз емес. Сөйте тұра оны сырттай тілдейтіндер де бар. Тілшіміз Қарақат ӘБІЛДИНАҒА хабарласып, жұрт көкейіндегі сұрақтарды қойды.

07.06.23 ЖАМАУБАЕВ бюджеттің жыртығын НЕГЕ жамай алмай жүр?

Бүгін мәжілістің кезекті жалпы отырысы қызу өтті. Өйткені, Үкімет дәстүр бойынша былтырғы бюджеттің орындалғаны туралы есеп берді. Депутаттардың дайындығынан бұл күнді қатты күткені байқалды. Күн тәртібіндегі 13 мәселенің түске дейін тек біреуі ғана –бюджет жайы қаралды. Ал түстен кейін өзімен-өзі қалған депутаттар «Масс-медиа туралы», «Шетелден активтерді қайтару туралы және тағы басқа заң жобаларын талқылады.