#энергетика

11.10.21 Қазақстан үшін қызыл сигнал. Еліміз НЕГЕ тез арада «жасыл экономикаға» ауысуы тиіс?

Климаттың өзгеруі жөніндегі Үкіметаралық сарапшылар тобының кезекті есебі бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Ал БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы есепті «Адамзат үшін қызыл код» деп бағалады. Егер адамзат қазіргідей көмір мен қазба отындарын пайдалана беруін жалғастыратын болса, планета құрдымға кетуі мүмкін. Қазақстанға не істеу керек?

01.10.21 Энергияны үнемдеудегі тиімділік. Қазақстан үшін бұл мәселе НЕГЕ күн тәртібіне шығып отыр?

Мемлекет өзі қабылдаған ұлттық Стратегияға сай жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2021 жылы 20 пайызға, 2025 жылы 25 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға төмендетуі тиіс. Оған қалай қол жеткізуге болады және өзіміз мұндай өзгерістерге дайынбыз ба?

10.08.21 Мұнай-газ саласының ашықтығы. НЕГЕ Энергетика министрлігі салалық Кодекске өзгерістер енгізбек?

ҚР Энергетика министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер енгізуді бастап кетті. Өзгерістер көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар өткізудің ашықтығын жақсартуға бағытталған

27.07.21 Жақып Хайрушев: Тариф пен экологияның дұрыс балансын қалыптастыруға аса жауапкершілікпен қарауымыз қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тікелей бақылауына алып отырған Алматыдағы ТЭЦ-2ні газға ауыстыру жобасына қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Онымен бірге, бүкіл әлем «жасыл энергетикаға» көз тігіп отырғанда, Қазақстандағы көмір индустриясының болашағы тұманды екені жасырын емес

06.04.21 Жел мен күн қуат бергенде. Мұнайдың болашағы НЕГЕ бұлыңғыр?

IRENA (Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігі) есебі мұнайлы елдерді қуанта қоймады. Әлемдік нарықта мұнайды ең көп сатып алатын екі ойыншы – АҚШ пен Қытай былтыр жасыл энергетиканы дамытуда рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Онда «Жақын болашақта мұнай – энергия көзі ретінде қарастырыла ма?» деген сұрақ туындайды.

20.11.19 Нұр-Сұлтанда газ неге қымбат?

Ел астанасында газ бағасы өзге тарифтерден қымбат болайын деп тұр. Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ернат Базил мұның себебін түсіндіріп берді.