#шөкеев

30.06.21 Керуен-сарайдың «лыпасы» сыпырылып түстіnews video

Түркістан қаласындағы пайдалануға берілгеніне екі айдан жаңа асқан Керуен-сарайдың төбесіндегі қаптамалары жалбырап түсіп жатқанын көрсететін видео әлеуметтік желіде жарияланды.

21.06.21 Кешігіп жеткен жауап: «Стадионның суға толуына ауа райы кінәлі»

Сенбі күні Түркістан облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Nege.kz тілшісі алғашқылардың бірі болып, әкімге екі сұрақ жолдаған. Алайда белгісіз себептермен сұрақтарымыз төменгі сатыға түсіп кетті де, әкім жауап беріп үлгермеді. Бірақ бүгін жауап жазбаша келді...

26.05.21 Шөкеевтің істі болған орынбасары НЕГЕ қызметінен босатылмады?

Nege.kz порталы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атына ресми сауал жолдап, орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты бірнеше сұрақ қойған. Сауалымызға Түркістан облысы әкімдігі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбековтен жауап келді.

18.05.21 «Әртіс әкім». Даниал Ахметов өзін НЕГЕ жарнамалай бастады?

«Үкімет отставкаға кетеді екен» деген гу-гудің фонында кейбір әкімдер белсене бастады. Алайда олардың алғашқыларының маңдайы тасқа тиіп үлгергендей. Бұған екі күн бұрын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары істі болғаны мысал.

17.05.21 «Түркістан облысы әкімінің орынбасары істі болды»

Бүгін кешке бірқатар телеграм-каналдар Түркістан облысының әкімі Мейіржан Мырзалиевке қатысты Жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады.