#цой

06.12.21 Қымбатқа түскен медицина: Көппрофилді ауруханалар құрылысы мемлекетті қалай қарызға батырады?

Әу баста инвестициялық жобаны YDA Group түрік компаниясы жүзеге асырады делінген. Нысан құны – шамамен 200 млрд теңге. 2019 жылы басталған құрылыс жұмысын 2022 жылы аяқтау жоспарланған. 

11.11.21 Ревакцинация: Қандай вакцина салдыруға болады?

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, кез келген вакцинаның екі компонентін алған адам 6-9 айдан кейін тағы да екпенің қосымша дозасын алу ұсынылған. Себебі, вирустың беті қайтар емес. Онымен қоймай кейбір вакцина жаңа штамдарға қарсы тұра алмайтын көрінеді.

16.07.21 Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

12.07.21 «Сұлтанов пен Цойға тықыр таяды»

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Pfizer вакцинасының 2 млн дозасы Қазақстанға келмей қалуына кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Кінәлілер кім болуы мүмкін?

25.05.21 Цойдың болжамдары НЕГЕ үштен аспайды?

Шынында да, жер-жерде індеттің жаңа мутацияланған түрі көбеюде. Ұлыбританияда пайда болған коронавирустың «үштік мутациясы» үрей туғызып отыр. Йоркшир мен Хамбер қаласында VUI-21MAY-01 немесе AV.1 штаммы 49 адамнан анықталды.

28.04.21 Цойды сотқа шақыртуы мүмкін

«СҚ-Фармация» компаниясының бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісіне қатысты сот отырысына Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой куәгер ретінде шақыртылуы мүмкін.

20.04.21 «Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің!» Шетелдегі қазақ дәрігері А.Цойдың жұмысын сынады

«Қазақстанның карантині өте күлкілі. Не жыларыңды, не күлеріңді білмейсің. Үш күн, бір жұмаға ғана жетеді. Ол – карантин емес. Карантинді кемі бір ай енгізу керек», – дейді шетелдегі қазақ дәрігері.

01.04.21 Адвокат: Біртановтың денсаулығы сыр берді

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді. Қазіргі таңда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бұрынғы бас дәрігердің адвокаты Дмитрий Куряченко «Астана TV» тілшілерне берген сұхбатында айтты.