#сағынтаев

31.01.22 Бақытжан Сағынтаев: Мен сіздермен үнемі бірге болдым

Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Б.Сағынтаев Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Ерболат Досаев келді. 

31.01.22 Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Е.Досаев Ұлттық банктің төрағасы қызметінен босатылып, Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

08.12.21 Әкімдердің қызығы мен шыжығы: Сағынтаев сағызша созды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бас қалаға келіп, Орталық коммуникациялар орталығында есеп берді. Бұрынғы астананың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндаған әкім журналистердің қолайлы сұрақтарына кең көсіліп, ұзақ жауап берді. Мұнысы өткір сұрақ қоятын әріптестердің сауалдарынан айналып өтуді көздегендей көрінді.

08.12.21 Салынып біткен ештеңе жоқ. НЕГЕ Алматы әкімі Сағынтаев 2021 жылды көңілсіз аяқтамақ?

Мектеп, аурухана, балабақшалардың құрылысы мен күрделі жөндеуінен басқа биыл Алматыда халық күтіп жүрген ешқандай ірі игі шаруа істелмеді. Дәлірек айтқанда, тұрғындардың қатынауын жеңілдететін инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы аяқталмай, тағы да келесі жылға қалды.

03.12.21 Нұр-Сұлтан мен Алматының жарысы: Көлгінов Сағынтаевты қашан қуып жетеді?

Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі қонағы – елорда әкімі Алтай Көлгінов. Алтай Сейдірұлы бас қаланың экономикалық-әлеуметтік жағдайын баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Nege.kz тілшісі донор қаланың не себепті Алматыдан кейінгі орында тұрғанын және көгілдір отын неге оқтын-оқтын өшіп қалатынын сұрады.

04.11.21 Алматы бүгін: ...Басқан жері сықырлап келіп қалды (фоторепортаж)

Бүгін түнде Алматыға қалың қар жауды. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар көктайғаққа айналды. Әкімдіктің мәліметінше, қалаға таулы аймақтың жақындығына байланысты қалыңдығы 8-ден 15 сантиметрге дейін қар жауған.

20.05.21 «ЖК-ның керегі жоқ». Құрылыс компаниялары Алматы тұрғындарын НЕГЕ жек көре бастады?

Алматыда құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындар арасында қырғиқабақ соғыс басталғалы біраз болды. Басқа қалаларда әзірге ондай проблема байқалмайды. Құрылыс компаниялары «халық бізге жұмыс істетпей жатыр» деп шағымданса, халық «человейниктер» қала тынысын тарылтқанын айтады.

22.04.21 Қар астындағы қызғалдақ. Фоторепортаж

Алматы ауа-райы кешелі бері тосын мінез танытуда. Сәуірдің аяқталуына санаулы күн қалса да қыс көктемге дес бермей тұрғандай.