20.05.21
«ЖК-ның керегі жоқ». Құрылыс компаниялары Алматы тұрғындарын НЕГЕ жек көре бастады?
Алматыда құрылыс компаниялары мен жергілікті тұрғындар арасында қырғиқабақ соғыс басталғалы біраз болды. Басқа қалаларда әзірге ондай проблема байқалмайды. Құрылыс компаниялары «халық бізге жұмыс істетпей жатыр» деп шағымданса, халық «человейниктер» қала тынысын тарылтқанын айтады.