31.05.21
Талас Омарбеков: Бұл күнді «Ұлттық қасірет күні» деп жариялау керек
«Қарсы беттегі гастрономнан ет алайын деп кірсем, 15 шақты әйел кезекте тұр екен. 16-шы болып кезек алдым. Кезек жылжымайды. Қарасам, сатушының алдында екі бөлек үйілген ет тұр. Әрі-бері тұрып, сатушыдан: «Мына кезек неге жылжымайды?» деп ем, «ет күтіп тұр» деді. «Мына ет ше?» деп ем, «Это вчерашние мясо» деді. Ал Алматыда сол кезде дүкеннен ет тұрмақ, сүйек табылмайтын...»