#мусин

20.10.21 Мамин қашып кетті, ал Мусин «тұзаққа» түсті

Бүгін  бір жарым жылдық үзілістен кейін Парламент Мәжілісінің отырысы БАҚ өкілдерінің қатысуымен офлайн форматта өтті. Бұған дейін ұстатпай келген Мәжіліс депутаттары мен министрлерді журналистер тарпа бас салып, қалаған сұрағын қоюға тырысты. Алайда Үкімет басшысы Асқар Мамин әріптестердің тұзағына түспей, сытылып кетті.

20.09.21 Мемлекеттік кепілдік. НЕГЕ СБЕР-ге төленетін ақша Үкіметтің «Бюджет туралы» заңды бұзуына әкеліп соқпақ?

Сбербанк GovTech платформасын кредитке жасап береді. Ал қарызды қайтару бойынша Қазақстан мемлекеттік кепілдік бермек. Бұл біздің 16,6 триллион теңге үкіметтік қарызымызды қосымша 212 миллиард теңгеге ұлғайтатын болады.

03.06.21 Итшілеген интернет: Мусин Nege.kz сауалдарына нақты жауап бере алмады

Қазақстан бойынша интернетпен қамтылмаған қанша ауыл бар? Нақты деректер мен министрлік таратқан ақпарат неге сәйкес келмейді? Егер алдағы жылы да оқушылар онлайн оқуға мәжбүр болса, интернеті жоқ ауыл оқушылары қайтпек?

30.11.20 Бір биткоин – бір пәтер! Криптовалютаның құны НЕГЕ аспандап барады?

Биткоин биржада 19 мың доллардан асып, соңғы күндері қайта құлады. Биткоинның өсіп-құлауы криптодержаваға айнала бастаған Қазақстанға қалай әсер етеді?

11.11.20 Е-теңге. Қағаз ақшаның тағдыры НЕГЕ 2021 жылы шешіледі?

Ұлттық банк келесі жылдан бастап «цифрлы теңге» мәселесін қарастыруға толығымен назар аударатын болды. Оған үкіметтің цифрландыру бойынша блогы да қатысады.

26.08.20 Цифрлі Қазақстан немесе Starlink. НЕГЕ Илон Маск қазақ ауылына Бағдат Мусиннен бұрын жетпек?

Бағдат Мусин Қазақстандағы ауылдарға интернет тартып біткенше, Илон Маск бүкіл әлемді ғаламтормен жарылқауы мүмкін. Себебі біздегі техниктер мәселені талқылап, жиналыс өткізгенді, ал «SpaceX» компаниясындағы мамандар ғарышқа апта сайын жүздеген спутник ұшырғанды жақсы көреді