#жемқорлық

21.12.21 Ақтөбелік «Фараон»

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Фараондар заманынан бері билікті ешкім жақсы көрген емес» деп, әлдекімдерге жасырын сигнал жолдағандай болды. Әкімге таяған қандай тықыр? 

14.12.21 Досмұхамбетов орынбасары Хаменоваға қатысты пікір білдірді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғанын естігенде қатты ренжіпті. Бұл туралы әкім Үкімет отырысынан кейін журналистерге айтты.

13.12.21 Жалғызбасты әйел, екі кішкентай баласы бар: Сот Бақытгүл Хаменованы неге қамауға алмағанын түсіндірді

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың не себепті үйқамаққа жіберілгенін түсіндірді.

09.12.21 Даниал Ахметовтің бұрынғы орынбасары тергеліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Омаров Ринат Мұратұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бізге жеткен дерекке қарағанда, Р.Омаров Шығыс Қазақстан облысында лауазымды қызмет атқарып жүргенде жемқорлық жасаған.

08.12.21 Әкімдердің қызығы мен шыжығы: Сағынтаев сағызша созды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бас қалаға келіп, Орталық коммуникациялар орталығында есеп берді. Бұрынғы астананың әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндаған әкім журналистердің қолайлы сұрақтарына кең көсіліп, ұзақ жауап берді. Мұнысы өткір сұрақ қоятын әріптестердің сауалдарынан айналып өтуді көздегендей көрінді.

06.12.21 Қымбатқа түскен медицина: Көппрофилді ауруханалар құрылысы мемлекетті қалай қарызға батырады?

Әу баста инвестициялық жобаны YDA Group түрік компаниясы жүзеге асырады делінген. Нысан құны – шамамен 200 млрд теңге. 2019 жылы басталған құрылыс жұмысын 2022 жылы аяқтау жоспарланған. 

20.11.21 «Базар-базар, базардың нарқы бөлек!». Шөкеев емтиханнан қалай өтті?

Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар орталығына келіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырды. Әдеттегі әкімдерден бөлек, Өмірзақ Естайұлы Түркістанның жаңаша түлеп жатқанын нық отырған күйінде сықиған цифрлармен дәлелдеуге тырысты. Басқалары тікесінен-тік тұрып есеп беріп еді...

18.11.21 «Бір ай ойланам». Әбдіхалықова «мәңгілік орынбасарын» жұмыстан босатуға қатысты осылай деді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңына Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіхалықова келіп, өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстырды. «Облыстың тұңғыш әйел әкімі» деген атағы бар Гүлшара Наушақызы байыпты болуға тырысты. Nege.kz тілшісінің сұрағына Ақтөбе мен Алматы облысының әкімдері секілді ашуланбады.