#димаш
«Junior Eurovision-2020» халықаралық байқауының күміс жүлдесін қаршадай Қарақат Башанова иеленгенде, бөркімізді аспанға атып қуандық. Бірақ қазір тыңдарман арасынан «Қарақат қайда жүр?» деген сұрауды жиі естиміз. Тілшіміз жас таланттың өзімен тілдесті.
Қазақстанның ең жас композиторы Нұрали Бейсеқожа он жеті жаста. Скрипка мен фортепианоның тілін қатар меңгерген жас өнерпаз төрт жасында танымал композицияларды еркін ойнай бастаса, бес жасында авторлық туындысын жарыққа шығарды.
Үш жыл бойы қала тұрғындары әлемге әйгілі қазақ баласының бейнесіне тамсанып келген. Алайда соңғы уақытта сурет көмескі тартып, тіпті бүлінуге айналған.
Нұржан Қалжан – дауысы ерек әншілердің бірі. Әнші біраз жыл сахнадан көрінбей кетті. Мұның себебі неде? Оны сахнадан кім шеттетті? Н.Қалжанды сотқа бергелі жатқан кім?
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің Лас-Вегаста өткен үшінші жекпе-жегінен соң Димашты «гимнді жанды дауыста айтпады» деп сөгіп жатқандар көп. NEGE тілшісі отандық ән сахнасында ұзақ жыл тәжірибесі бар аға буын әншілерге хабарласып, жеке пікірін сұраған еді.

Димаш Құдайберген Қытайда Shine! Super Brothers музыкалық жобасына қатысып, тыңдармандарын тағы тәнті етіп жатыр.
Өткен жексенбіде Лос-Анджелес төріндегі Стэйплс орталығында «Грэмми-2021» сыйлығына лайық музыканттар анықталды. Кіл мықтылар тізімінде отандасымыз Иманбек Зейкенов те бар. Иманбек үміткерлер қатарына қосылғалы ел ішінде «Грэмми» жайлы гу-гу әңгіме айтыла бастады.
«Бүгін Димаш Құдайбергеннің Америка Құрама Штаттарында 17 қаңтар күні басталатын жаңадан сайланған АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатындығы хабарланды» деп жазды dimashnews.com.