#бәйтерек

20.08.21 Басқа елдің холдингі ме? НЕГЕ «Бәйтерек» таза табысын мемлекетке беруден бас тартты?

«Бәйтерек» ұлттық холдингі былтырғы таза табысының тек 19,4 пайызын мемлекетке берді. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронадағдарыс кезінде ұлттық компанияларға таза табыстың барлығын мемлекетке қайтаруды тапсырған болатын.

10.08.21 Тағы бір ұлттық компания жабылды. НЕГЕ жаппай қысқарту ауыл шаруашылығына жаңа леп бермек?

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Аграрлық несие корпорациясына қосылмақ. Қордың акционері болып табылатын «Бәйтерек» холдингі тиісті Жол картасын қабылдады

01.03.21 «300 мыңнан асырмаймыз». Баспана бағасын құрықтағысы келетін үкімет НЕГЕ қиналып қалмақ?

Үкімет баспана бағасының өсуімен күресе бастады. Өйткені президенттің тиісті тапсырмасы мен халықтың наласы бар. Бірақ сонда кіммен күресу керек және не істеу керек? Ол бойынша әзірге нақтылық жоқ.

18.09.20 Мемлекеттік академиялық филармония мен Бәйтерек монументі сарғыш сәулемен жарықтандырылды

Нұр-Сұлтанның символы «Бәйтерек» монументі мен Мемлекеттік академиялық филармония ғимараты сарғыш сәулемен жарықтандырылды. Осылайша, Қазақстанның астанасы Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі күнін атап өтіп, дәрігерлерге алғыс білдірді

02.09.20 Нәтижесіз «неке». «ҚазАгро» мен «Бәйтеректің» қосылуына экономистер НЕГЕ қуанбайды?

Президент соңғы кездері сынға ұшырап жүрген «ҚазАгро» мен «Бәйтерек» ұлттық холдингтерін біріктіруді тапсырды. Соның салдарынан мыңнан астам адам жұмыс орнынан айрылады, бірақ әкімшілік шығындар үнемделмек. Бұл қысқарту негізгі стратегиялық мақсатты шеше алмайды. Неге?

19.03.20 Мырзахметов НЕГЕ Дамуды аңсайды?

Бәйтеректің бұтақтарын балтамен шауып, отын қылып алуға біраз жан мүдделі болып отыр. Соның бірі - "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов. Бүгін ол балтасын тағы бір сермеді.

20.02.20 Бәйтерек тендерлері НЕГЕ Маминның тікелей бақылауына өтті?

Осы аптада "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет құрып, өзінің жарғысына тиісті өзгертулер енгізді. Енді холдинг және оған тиесілі 11 компанияның тендерлерді қалай өткізіп жатқанын тікелей директорлар кеңесіне бағынатын аталған қызмет қадағалап отыратын болады 

18.02.20 Өле жегенше бөле же. Үкімет ұлттық компаниялардың кірісіне НЕГЕ қол салды?

Ұлттық компаниялардан түсетін дивидендтер көлемі пайданың жартысын құрауы тиіс. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.