#бжзқ

03.03.21 Ақшаға тұншығу. БЖЗҚ қаржысы НЕГЕ экономиканы нашарлатып, банктерді әлсіретеді?

Зейнетақы ақшасының келуімен елдегі ипотека портфелі шамамен 500 миллиард теңгеге қысқарады деп күтілуде. Бұл – жарты триллион теңге қазіргі ипотеканы ертерек жауып тастауға кетеді деген сөз. Ал ол экономика мен банктерге тиімді ме?

01.03.21 «300 мыңнан асырмаймыз». Баспана бағасын құрықтағысы келетін үкімет НЕГЕ қиналып қалмақ?

Үкімет баспана бағасының өсуімен күресе бастады. Өйткені президенттің тиісті тапсырмасы мен халықтың наласы бар. Бірақ сонда кіммен күресу керек және не істеу керек? Ол бойынша әзірге нақтылық жоқ.

10.02.21 Көпіршік жарылғанда. НЕГЕ тұрғын үй нарығын үлкен дағдарыс күтіп тұр?

Соңғы 8 жылда тұрғын үй бағасы екі есеге қымбаттаған. Үйдің қымбаттау қарқыны халық табысының өсуі динамикасынан асып кетті. Демек, табысымыз артпаса да, үй бағасы шарықтап барады

02.02.21 Банктер банкетке келгенде. НЕГЕ зейнетақы қаржысына банктер де қызығып отыр?

Отбасы банктен бөлек БЖЗҚ қаржысын шешіп алу үшін арнайы шот ашуды «Халық банк», «ЦентрКредит» пен «Altyn bank» сынды қаржы ұйымдары бастап кетті. Оларға бұдан қандай пайда бар?

28.01.21 Зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді

Еліміздегі зейнетақы аннуитеті азаматтар үшін айтарлықтай қолжетімді әрі тартымды бола түсті. Бұл туралы Nege.kz порталына Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрайымының орынбасары Мария Хаджиева айтып берді

27.01.21 Үй алғыңыз келмесе. Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияға берудің қандай жолдары бар?

Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияға беру бағытына ат салысып, тиісті ережелерді әзірлеген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) осы бағыттың шарттары туралы Nege.kz сауалдарына жауап берді

25.01.21 Зейнетақы қорындағы ақшаға қалай үй алуға болады?

Nege.kz авторы зейнетақы қорындағы қаржысына қалай үй алуға болатынын зерттеп көрді. Зерттеудің соңы немен аяқталды?

08.01.21 «Біз жинаймыз, сіздер жаратыңыздар». Зейнетақы триллиондары НЕГЕ маза бермейді?

БЖЗҚ – жаңа Ұлттық қорға айналып барады. 2021 жылдың басында қазақстандықтардың зейнетақы қорында жинақталған қаржысы 12,7 триллион теңгеге жетті. Бұл сома ақшалай емес, құнды қағаздарға күйінде сақталған.