#байден

18.03.21 Путин Байденге: Өзің сондайсың!

АҚШ президенті Джо Байден сұхбатында В.Путинге кіжінген. «АҚШ-тағы сайлауға араласқаны үшін жауап беретінін» ескертіп, «Путинді қанішер санайсыз ба?» деген тілшінің сұрағына «Иә» деп жауап берген.

25.02.21 АҚШ: Қытайды әлсірету үшін алдымен Си Цзиньпиннің өзін басты нысанаға алу қажет

Америкалық сараптама орталығы The Atlantic Council «Стратегиялық құжаттары» айдарына жаңа баяндама жариялады. Баяндаманың аты «Қытайдың күшеюіне қарсы тұру үшін АҚШ Си Цзиньпинге баса назар аудару керек» деп аталады.

07.02.21 Джо Байден Путинге: Мен саған Трамп емеспін!

The New York Times газетінің шолушысы Томас Л.Фридманның «Путин АҚШ-тың тамұқтан шыққан бұрынғы жігіті боп алды» атты қатқыл әрі мысқылды мақаласы – осының айғағы. Онда да «Ресей бізге мүлде қарсылас емес» деген ой жатыр.

03.02.21 Қытай АҚШ-тан сауға сұрай бастады

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Қытайға қарсы ашық түрде қырғи-қабақ соғыс жариялағаны мәлім. Ақ үй қожайы ауысқан соң, Бейжің Батыспен ушықтырып алған қатынасын қайта жалғауға үмітті.

26.01.21 Құқық пен саясат: Жовтистің ұйымы неге уақытша жабылды?

Елімізде бірқатар құқық қорғаушы ұйымдардың қызметі тоқтады. Ресми түрде, салық органдары үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан кілтипан тауып, әкімшілік айыппұл салып отыр. 

25.01.21 ЕАЭО: «Қазақстан – «Титаникке» қаңтарылған қайық»

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік хакерлердің әрекетіне, Алексей Навальныйды улауға және Ауғанстандағы америкалық сарбаздарды өлтіргендерге тағайындалған сыйақыға қатысты істерді тергеуге барлау қызметіне пәрмен берді.

19.01.21 Навальный НЕГЕ теңгенің тағдырына тікелей әсер ететін факторға айналды?

Ресей саясаткері және президент Путиннің басты қарсыласы Алексей Навальныйдың бір айға қамалуы АҚШ-тағы жаңа президент Джозеф Байденнің өз қызметіне кірісетін уақытымен тұспа-тұс келді. Әлемнің екі қиырында болып жатқан және бір-бірімен еш байланысы жоқ сияқты көрінетін екі оқиғаның салдары теңгені тентіретіп жіберуі мүмкін.

12.01.21 Досым Сәтбаев: Ресей елімізге ақпараттық және идеологиялық соғыс ашуы әбден мүмкін

Ақ үйдің жаңа қожайыны Джо Байден тұсында АҚШ-тың сыртқы саясаты қалай өзгермек? Ресейдегі саяси дағдарыс немен тынады? Қазақстанның өзге геосаяси ойыншылармен қарым-қатынасы қалай түзілмек? Бір сөзбен айтқанда, жаңа жылда әлемдегі ахуал қалай өрбиді?