USD
USD
USD

Таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға өтті

Токио Олимпиадасында таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға шықты.

Таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалға өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы 80 келіде сайысқа түсті. Оған Германиядан келген Александр Бахманн қарсылас атанды. Сайыс барысында Руслан қарсыласынан 11:7 есебімен басым түсті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасады.

Айтулы аламанға дүние жүзіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Еліміздің атынан 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды. Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors