USD
USD
USD

Таэквондодан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

Қытайдың Уси қаласында өтетін таэквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. 

П
Фото: Қазақстан ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, дүбірлі додаға әлемнің үздік спортшылары жиналады. Оған 179 елден, жеке бейтарап спортшылар (AIN), Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы мен босқындар құрамалары (TRT) қатысады. Жалпы алғанда 991 таеквондошы бақ сынайды.

Қытайда әлем чемпионаты осымен екінші мәрте өткелі жатыр. Оған дейін беделді бәсеке 2007 жылы Бейжіңде ұйымдастырылған еді.

Биыл ерлер құрамасы сапында Бекзод Қадірқұлов - (54 келі), Тамирлан Тілеулес (58 келі), Самирхон Абабакиров (63 келі), Дамир Шуленов (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Нұрлан Мырзабаев (87 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жарыс жолына шығады. Ал әйелдер құрамасында Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Айша Әділбекқызы (62 келі), Нұрай Хусайнова (67 келі), Назым Махмұтова (73 келі) мен Евгения Каимова (73 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артамыз.

Соңғы мәрте 2019 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының медаль алған еді. Сол жолы жетістікке Қайрат Сарымсақов (74 келі) қола жүлде алды. Биыл ерлер арасында ұлттық құраманың көшбасшылары Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғалиге үлкен үміт артылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana