USD
USD
USD

Таеквондодан АҚШ-та өтетін турнирге қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады.

Таеквондошы Теміржан Тасқын
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Құрама сапына енген спортшылар:

– Темірлан Тілеулес (58 келіге дейін)

– Бектөре Оралханов (58 келіге дейін)

– Газез Нұрбек (68 келіге дейін

– Батыpхан Төлeуғали (80 келіге дейін)

– Нодира Ахмедова (49 келіге дейін)

– Рита Бәкішева (49 келіге дейін)

– Нұрай Хұсайынова (67 келіге дейін)

"Біз бұл турнирге жақсы дайындалдық. Соңғы оқу-жаттығу жиынын Иранда өткіздік. Онда біз атақты спортшылармен бірге дайындалып, жаттығу жекпе-жегін өткіздік. Бұл, әсіресе, жас спортшылар үшін өте құнды тәжірибе болды. Қазір ұлттық құраманың физикалық және тактикалық дайындығы жоғары деңгейде. Grand Prix Challenge - бұл әлемдік рейтингтегі орнымызды нығайтудың ғана емес, сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада алдындағы маңызды халықаралық тәжірибе жинаудың мүмкіндігі", – деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов.

Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 44 елінен 376 спортшы қатысады.

Қазір оқып жатыр

Сарбаздар енді әскери бөлімге пицца мен бургерді тапсырыспен алдыра алады

әскери бөлімдер

БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісі 35 шақырымға жеткен

"Сырым-Машкатово" өткізу бекеті

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

ҚМБД