USD
USD
USD

«Табыт ұшақ»

Дубайдағы авиашоуда «Эйр Астана» әуе компаниясының биыл адам өліміне ұшыратқан қос бірдей апатқа қарамастан 30 Boeing 737 Max ұшағына тапсырыс беру туралы келісімге келгені жайлы бұған дейін хабарлағанбыз. Жалпы Boeing компаниясының өкілдері Дубайдағы шарада құны 6 млрд АҚШ долларына бағаланған 50 ұшақты сатып алу туралы алдын-ала келісімшартқа қол жеткізгендерін мәлімдеген еді.

«Табыт ұшақ»
Фото: NEGE.kz

«Эйр Астана» қауіпті ұшақ сатып алса  не болады деп уайымдап жүргенде, жақсы жаңалық мұхиттың ар жағынан жетті. Бұған дейін АҚШ-тың Федералды авиациялық әкімшілігінің (FAA) рұқсатына үміт артып келген Boeing жаманатты ұшағы - 737 Max-ты құрастыруды тоқтатуға мәжбүр екендерін жария етті.  Қазір АҚШ Конгресінде Boeing-пен қатар ұшақты қабылдап алған Федералды авиациялық әкімшілігі басшылығының (FAA) да мәселесі майшаммен қаралып жатыр. Арнайы тексеру барысында FAA өкілдері ұшақта өте қауіпті ақаулар барын анықталса да, сарапшылар бұл ақаудың кесірінен екі жылда кемінде бір мәрте ұшақ апаты болуы мүмкін деп тұжырса да, Boeing басшылығының бір ауыз сөзіне сеніп, көз жұмып қарағаны мәлім болған.

Шетелге ұшатын рейстеріне негізінен Airbus және Embraer ұшақтарын пайдаланатын «Эйр Астана» жаманатты 30 ұшақты өзінің арзанға жолаушы тасымалдайтын еншілес компаниясы FlyArystan қажеті үшін сатып алмақ болған. Ал осы ұшақты сатып алуға ниет білдірген екінші компания ретінде «British Airways» аталады.  Бұл компания да 737 Max ұшағын лоукостер бағытындағы еншілес компаниясының қажеті үшін алмақ болыпты.

Авиация сарапшылары Boeing бұл компанияларға үлкен жеңілдік жасаған болуы керек деп жорамалдайды.  Өйткені наурыздағы жағдайдан соң көптеген әуе компаниясы бұл ұшақтарды сатып алудан түбегейлі бас тартқан еді. Бірқатар мемлекет 737 Max-тың ұшуына мүлде тыйым салған. Ал Boeing дәл осы ұшағына өзінің алдағы онжылдық дамуына серпін беретін үлгі ретінде үміт артқан болатын.

Қазақстан осы ұшақ түрінің ұшуын уақытша тоқтатқанымен, оның ұшуына түпкілікті тыйым салмады. Содан болар халықаралық ұйымдардың тізімінде еліміз 737 Max ұшуына тыйым салған мемлекеттер тізімінен көрінбейді. DW халықаралық арнасының зерттеуінде де Қазақстан осы ұшақтың ұшуына тыйым салған мемлекеттер қатарынан тыс қалған.

Әділ Ұзақбай

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

СІМ